Футбол

"Вест Хэм" ойыншысы өмір бойы спорттан шетелуі мүмкін

Global Look Press

Бразилия ұлттық құрамасы мен "Вест Хэм" командасының жартылай қорғаушысы Лукас Пакета өмір бойына спорттан шеттетілуі мүмкін. Ол сыбайластары арқылы бәс тікті деген күдікке іліккен.

Англия футбол ассоциациясы (FA) істі нақтылап, кінәлі екені дәлелденсе, өмір бойына футболдан шеттету жазасын қолданбақ. Пакета ойындарда бәсі шығу үшін сары қағаз алған деп айыпталуда. Оның ескерту алатынына 60-қа жуық адам бәс тіккен.

Бүгін футболшы сары қағаздарына қатысты айыптауға жауап беретін болады.

Лукас Пакета "Вест Хэм" сапындағы қымбат футболшылардың бірі. Оны жазда "Манчестер Сити" командасы сатып алғысы келген.

Басқа спорттық жаңалықтар