Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Бельгияда ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Бельгияда ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Бельгияның Антверпен қаласында өткен  ATP 250 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.


Бублик финалда 19 жастағы франциялық Артур Фисті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. 


Қазақстандық теннисші осымен карьерасында ATP турнирін үшінші рет ұтып отыр және биылдыққа екінші рет. Енді Александр ATP рейтингінде сөзсіз топ-30 тізімге оралып, әлемнің отызыншы ракеткасы атанады. 


Айта кетейік, Антверпендегі жарыста Бублик 102 460 еуро табыс көрді.



Басқа спорттық жаңалықтар