Теннис

Карьерасында алғаш. Құламбаева Баридегі Челенджердің жартылай финалына жетті

Карьерасында алғаш. Құламбаева Баридегі Челенджердің жартылай финалына жетті
ҚТФ

Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Бари қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы Челенджер сериясының жартылай финалына жетті.

Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэні 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Енді Құламбаева мен Хорхе дуэті финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар