Садақ ату

Садақ атудан Азия куобгіне Қазақстан да қатысады

Садақ атудан Азия куобгіне Қазақстан да қатысады
Olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтетін садақ атудан Азия кубогіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Құрлық додасында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко ел намысын қорғайды. Аталған үш спортшы Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен.

Одан бөлек, Денис Ганкин, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Елизавета Авдеева, Сергей Христич, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Әсет Адемир, Адель Жексенбинова, Жанель Шадиярова, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметовалар жүлдеге таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар