Футбол

Еуроға іріктеуде Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияны ұтты

Еуроға іріктеуде Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияны ұтты
ҚФФ

Әйелдер арасында 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Орталық стадионда Арменияны ойсырата ұтты.

Бұған дейін сырт алаңда армениялықтарға 1:2 есебімен есе жіберген қазақстандықтар артығымен қарымта қайырды. Алдымен 28-минутта Камила Құлмағамбетованың бұрыштамадан берген пасынан кейін Александра Бурова есеп ашты. 35-минутта Аида Гайстенова үш ойыншыны қапы қалдырып, тоғыздықты дәл көздеді – 2:0. 39-минутта Армения сапындағы Марал Артин есепті қысқартты. Екінші таймда 57-минутта тағы да бұрыштамадан кейін команда капитаны Бибігүл Нұрышева баспен дәл соқты. Бір минуттан соң Әселхан Тұрлыбекова ойын нүктесін қойды - 4:1.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Мадияр Кембіловтің шәкірттері өз алаңында Болгариядан – 0:1, сыртта Румыниядан – 0:1, Армениядан 1:2 есебімен ұтылып қалған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар