Бокс

Құараманың бас бапкері Айтжанов соңғы лицензиялық турнирді қорытындылады

Құараманың бас бапкері Айтжанов соңғы лицензиялық турнирді қорытындылады
ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжаноы Париж Олимпиадасына толық құрамда баруды көздегенін айтты, деп жазады Olympic.kz.

Бұл туралы бапкер Таиландтағы іріктеу турнирі аяқталған соң мәлімдеді.

«Алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда бару еді. Сол ойымыз орындалды. Ендігі мақсат – жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралсақ деген ой. Мұхамедсабырдың жолдама алғанына өте қуаныштымын. Оған оңай болған жоқ. Екі іріктеу жарысы да жігіттерге қиын соқты. Бангкоктегі турнирден соң да мықты деген боксшылар жолдамасыз қалды. Бокс бес құрлықта да дамып жатыр. Сондақтан, әрбір кездесу финалдық жекпе-жектен кем емес. Базарбайұлы алты кездесу өткізіп, лицензия алып отыр. Оған тек жарайсың дейміз. Бізге қолдау көрсетіп жатқан басшыларға алғысымыз шексіз. Қажетті жарыстар мен жиындар уақытылы өтіп жатыр. Елді қуантып, халықтың үмітін ақтау- басты мақсатымыз», - деді бас бапкер.

Басқа спорттық жаңалықтар