Теннис

Бейбіт Жұқаев Сурбитондағы Челленджерді сәтті бастады

Бейбіт Жұқаев Сурбитондағы Челленджерді сәтті бастады
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев көгалды төсеніште өтіп жатқан Британияның Сурбитон қаласындағы Челленджер сериясындағы турнирді сәтті бастады.

Алғашқы айналымда Жұқаев америкалық Максим Крессинді бір сағат жиырма минутта 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матчте Бейбіт 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Кресси 8 эйспен ғана көзге түсті.

Енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін аустралиялық Кристофер О'Коннел немесе мен Джеймс Дакворт матчінің жеңімпазымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар