Футбол
Қазақстанмен бір топтағы Дания Еуро-2024 финалдық кезеңіне жолдама жеңіп алды

Sport24
Еуро-2024 іріктеуі аясында Қазақстанмен бір топтағы Дания мен Словения құрамалары арасындағы матч өтті.
Копенгагенде өткен кездесу алаң қожайындары пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 26-минутта даниялық Йоаким Меле есеп ашты, бірақ араға төрт минут сала словениялық Эрик Янжа есепті теңестірді. Ал 54-минутта алаң қожайындарынан Томас Дилейни жеңіс голын сала алды.
Осы жеңіс арқасында Дания 22 ұпаймен топта жеке дара көш басына шығып, Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама иеленді. Ал 19 балл жинаған словениялықтар алдағы ойын алдында Қазақстаннан бір саты ғана жоғары.