Футбол

Неймар "Әл-Хиләлда" қалатынын кесіп айтты

Неймар

Саудиялық "Әл-Хиләл" шабуылшысы Неймар "Барселона", "Сантос" немесе "Интер Майами" клубына ауысатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

32 жастағы бразилиялықтың қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.

"Ешқандай үміт жоқ. Бұл бос сөз. Мен "Әл-Хиләлмен" әлі бір жылдық келісімшартым бар. "Сантосты" қолдаймын, кейін оған ораламын, бірақ дәл қазір бар назарым "Әл-Хиләлда". Жарақтымнан кейін тамаша маусым өткіземін деген үміттемін", - деп береді Неймардың сөзін Фабрицио.

Басқа спорттық жаңалықтар