Футбол

"Реал" Мбаппеге бес жылда қанша төлейтіні айтылды

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мен мадридтік "Реал" арасындағы келісімшарттың қаржылық тұстары белгілі болды.

3 маусымда "Реал" Мбаппені сапына алғанын ресми хабарлады. Шабуылшы испаниялық клубқа еркін агент ретінде қосылды.

The Telegraph мәліметінше, 25 жастағы форвардтың еңбекақысы маусымына 15 миллион еуро (бес жылда 33,3 миллиард теңге). Сонымен қоса, Мбаппе келісімшартқа отырғаны үшін 150 миллион еуро (66,7 миллиард теңге) көлемінде бонус алады, алайда, ол бес жыл төленеді екен. Оның үстіне ол иммидждік құқықтары үшін де пайызын көреді.

Басқа спорттық жаңалықтар