Футбол

"Ювентус" Кьезаны тегін жоғалтпас үшін оны трансферге қоймақ

REUTERS / Massimo Pinca

"Ювентус" Италия құрамасының вингері Федерико Кьезаны трансферге қоймақ, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

Футболшы мен команда аарсындағы келісімшарт 2025 жылы аяқталады. Клуб ойыншының болашағына қатысты мәселені келесі маусым басталғанға дейін шешпек. Егер футболшы келісімшартын жаңартпаса, туриндік команда оны бір жылдан кейін тегін жібере салмас үшін биыл сатуға тырысады. "Ювентус" футболшы үшін 25 миллион еуро талап етуі мүмкін. Кьезаға "Рома" мен АПЛ-дің бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.

Өткен маусымда 26 жастағы вингер барлық турнирде 37 матч өткізіп, 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар