Теннис

17 жастағы қазақстандық теннисші Ролан Гарросты жұптық сында сәтті бастады

17 жастағы қазақстандық теннисші Ролан Гарросты жұптық сында сәтті бастады
ҚТФ

17 жастағы Әмір Омарханов Ролан Гарростың жастар арасындағы жұптық сында екінші айналымға өтті.

Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бірінші айналымда франциялықтар Антуан Фато және Даниэль Жадемен бір сағттан астам уақыт ойнап, 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді Омарханов - Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен таласады.

Ал жекелей сында Әмір Омарханов алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.

Басқа спорттық жаңалықтар