Футбол

Қазақстан құрамасына Адиевтің орныа Станислав Черчесов келді

Қазақстан құрамасына Адиевтің орныа Станислав Черчесов келді
Sports.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.

Станислав Черчесов футболшы кезінде "Спартак" (Орджоникидзе), "Спартак" (Мәскеу), "Локомотив" (Мәскеу) және "Динамо" (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген.

Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның "Легия", Ресей құрамасын және Мажарстанның "Ференцварош" командасын жаттықтырған. Жаттықтырушылық мансабындағы жетістіктері:

🥈 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)

🥇 Польша чемпионы (2015/16)

🏆 Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)

🌍 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)

🥇 Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)

🥇 Мажарстан кубогының иегері (2021/22).

Басқа спорттық жаңалықтар