Футбол

Чемион лигасының үздік футболшылары анықталды

Чемион лигасының үздік футболшылары анықталды
uefa.com

Футболдан 2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды. Символикалық құрамға финалда ойнаған "Реал Мадрид" пен "Боруссия Д" командаларынан 4 ойыншыдан енген.

Маусымның ең үздік футболшысы марапатына Винисиус Жуниор ие болды. Ол биылғы "Алтын доптан" басты үміткерлер қатарында.

Символикалық құрам:

Қақпашы – Грегор Кобель ("Боруссия Д");

Қорғаушылар – Даниэль Карвахаль, Антонио Рюдигер (екеуі де — "Реал"), Матс Хуммельс, Ян Матсен (екеуі де — "Боруссия Д");

Жартылай қорғаушылар – Витинья (ПСЖ), Марсель Забитцер ("Боруссия"), Джуд Беллингем ("Реал"), Фил Фоден ("Манчестер Сити");

Шабуылшылар – Гарри Кейн («Бавария»), Винисиус Жуниор ("Реал").

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасын Мадридтің "Реал" клубы жеңіп алды. Финалда Дортмундтың "Боруссия" командасынан 2:0 есебімен басым болды.


Басқа спорттық жаңалықтар