Теннис

WTA турнирінің экс чемпионын ұтқан Рыбакина Ролан Гарростың ширек финалына өтті

WTA турнирінің экс чемпионын ұтқан Рыбакина Ролан Гарростың ширек финалына өтті
Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық Елена Рыбакина теннистен Францияның ашық чемпионатының үшінші айналымында жеңіске жетті.

Рыбакина 1/8 финал кезеңінде украиналық Элина Свитолинаны екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 1 сағат 11 минут ойнады. Матч барысында олар 5 эйстен жасап, бірақ, украиналық теннисші 3 қсарлы қате жіберіп алды, ал Елена тек біреу. Ширек финалдық кездесу ертең өтеді.

Рыбакина жартылай финалға өту үшін Элина Аванесян (№70, Ресей) - Жасмин Паолини (№15, Италия) матчінің жеңімпазымен ойнайды. Айта кетейік, Свитолина WTA-2018 турнирінің жеңімпазы және жекелей сында әлемнің үшінші ракеткасы болған.

Басқа спорттық жаңалықтар