Кәсіби бокс

Батыр Жүкембаев Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы рейтингінде жоғарлады

Батыр Жүкембаев Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы рейтингінде жоғарлады
Eye Of The Tiger Managment

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақта рейтингін жаңартты.

Осылайша, Батыр Жүкембаев (23-1, 16 КО) үш саты жоғарылап, бірінші жартылай орта салмақ рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасты. Ал бұрын тоғызыншы болған өзбекстандық Ботиржон Ахмедов оныншы сатыға сырғыды.

Қазақстандық боксшы кейінгі рет мамыр айында Плант-Ситидегі бокс кешінде жұдырықтасып, украиналық Иван Редкачты (24-6-1, 19 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді.

Басқа спорттық жаңалықтар