2024 Еуропа Чемпионаты
ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойын 36 елде көрсетіледі.

QAZSPORT телеарнасының хабарлауынша, ойынды АҚШ, Қытай, Мексика, Испания, Франция, Индонезия, Ресей, Түркия және басқа да көптеген елдердің көрермендері тамашалай алады.
Матчты QAZSPORT телеарнасында Ерсін Ерік пен Димаш Төлегенов, ал QAZAQSTAN хабарында Ермұхамед Мәулен мен Жандос Байділда пікір айтады.