ММА

Ислам Махачев Хабиб Нурмагомедовтен жеңіс саны бойынша асып түсті

Ислам Махачев Хабиб Нурмагомедовтен жеңіс саны бойынша асып түсті
ufc.ru

UFC 302 турнирінде ұйымның жеңіл салмқатағы (70 келі) чемпионы Ислам Махачев америкалық Дастин Порьені жеңді.

Бес раундқа есептелген айқас бесіншісінде аяқталды, Махачев раунд аяқталғанша қарсыласын қылқындыру әдісіне салып үлгерді. Бұл Махачевтің UFC-дегі қатарынан 14-ші жеңісі болды.

Осылайша, ол Даңқ Залына аты жазылған Хабиб Нурмагомедовтен асып түсті. Хабиб UFC-де қатарынан 13 жеңіске жеткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар