Кәсіби бокс

Әлімханұлының міндетті қарсыласы Хамза Шираз кезекті қарсыласын нокаутқа түсірді

Әлімханұлының міндетті қарсыласы Хамза Шираз кезекті қарсыласын нокаутқа түсірді
MatchroomBoxing

Орта салмақта өнер көрсететін британиялық Хамза Шираз (20-0, 16 КО) Сауд Арабиясының астанасында өткен бокс кешінде америкалық Остин Уильямсты (16-1, 11 КО) нокаутқа түсірді.

12 раундқа есептелген жекпе-жек он біріншісінде аяқталды. Алдымен оныншы раундта Шираз қарсыласын бір құлатып алды, ал келесі раундта Шираздың ауыр соққысынан есеңгіреген Остин арқаннан ұсталып қалды, осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Шираз техникалық нокаутпен жеңіске жетті, ал Уильямс карьересында алғаш рет жеңілді.

Басқа спорттық жаңалықтар