Кәсіби бокс
Жәнібек Әлімханұлы тағы да Адамеспен әлеуметтік желіде шекісті
instagram.com/janibek_alimkhanuly
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адаместің твиттердегі жазбасына қатысты пікір білдірді.
Адамес әлеуметтік желіде былай деп жазыпты: "Мына белбеуді кім қалайды? Мен күтемін. Мен - жабайы айғырмын".
Жәнібек мұны доминиканалықтың өзінен қашып отырғанының дәлелі ретінде көріп отыр.
"Құрметті жанкүйерлер, сіздерде сұрақ қалды ма? Енді кімнің кім екеніне көздеріңіз жетті ма?", - деп қысқа қайырды Әлімханұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Адаместі бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын.