Футбол

Чемпиондар лигасындағы жеңіс үшін "Реал" "Боруссияға" 4,5 миллион төлеуге міндетті

Чемпиондар лигасындағы жеңіс үшін
Reuters

Биылғы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен Мадридтің "Реал" командасы "Боруссияға" 4,5 миллион еуро төлейді. Оған жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің ауысып келуі себеп.

Bild ақпараты бойынша мадридтік клуб Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанса, келісімшарт бойынша 4,5 миллион еуро төлеу жайы қарастырылған.

Бұған дейін "Реал" тағы бір келісім бойынша Беллингеммен Испания чемпионы атанғаны үшін 5 миллион еуроға жуық қаржы төлеген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар