Футбол

Нұралы Әліп жарақаты туралы айтып берді

Нұралы Әліп жарақаты туралы айтып берді
Instagram/zenit_spb

"Зенит" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогінің финалындағы жеңісті тойлау кезінде трофей басына құлап, жырып жіберген орынға тігіс алу керек болатынын айтты.

"Зенит" турнир финалында "Балтиканы" ұтты (2:1). Нұралы 90+5-минутта жеңіс голын салды. Ал жеңісті тойлау кезінде оның басына трофейдің қақпағы түсіп кетті.

"Мен Кубоктің қақпағы мықты тұратын шығар десем. Ол болса тура... түсті ғой. Басында ештеңе емес деп ойладым, сосын қолыма қарасам, қызыл-ала, қан атқылап жатыр екен. Жерге отырып қалдым, қатты ауырды. Қазір барып тіктіремін. Бәрінде видео бар шығар. Тороппен соқтығысқанда да ондай ауыр болған жоқ. мына жарақат 4-5 сантиметр", - дейді Нұралы "Матч ТВ" арнасына.

Басқа спорттық жаңалықтар