Футбол

Шымкенттік "Ордабасы" алғаш рет Қазақстан чемпионы болды

Шымкенттік

25-турда 58 ұпай жинап алған шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан чемпионатының 2023 жылғы маусым қорытындысы бойынша кепілді түрде бірінші орынға шықты.

 

Бұл турда Александр Седневтің шәкірттері қарағандылық "Шахтерді" ұтты (3:1). Шымкенттіктер сапынан Айбар Жақсылықов, Шохбоз Умаров және Артем Беседин бірінші таймда-ақ гол салды. Осыдан кейін Тимур Чогадзе қарағандылықтар үшін бір гол салып, есеп айырмасын қысқарта алады. Алайда одан кейін есеп өзгеріссіз қалды. 


Осы ойыннан кейін есебіне 58 ұпай жазған "Ордабасы" командасы "Астанадан" алты балл артық жинап отыр. Демек екінші ккеле жатқан астаналықтар алдағы ойында шымкенттіктерден ешқалай асып түсе алмайды. 


Осылайша, "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар