Кәсіби бокс

Әлімханұлының міндетті қарсыласпен айқасы туралы ресми жарияланды

Әлімханұлының міндетті қарсыласпен айқасы туралы ресми жарияланды

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) рингке оралатынын хабарлады.

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жек 13 шілде Лас-Вегастағы бокс кешіне жоспарланған.

"Орта салмақтың патшасы оралуда. 13 шілде, сенбіде Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионының титулдарын Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекте сарапқа салады", - делінген Top Rank-тың құлақтандыруында.


Басқа спорттық жаңалықтар