Футбол
"Ордабасы" ойсырай ұтылып жатып өздерімен төбелесіп кетті
Видеодан скрин
Қазақстанның екінші лигасындағы сегізінші турында "Оңтүстікпен" матч кезінде "Ордабасы" клубының жастар командасы бір-бірімен жаға ұстасып қалды.
"Ордабасы" 0:4 есебімен ұтылып қалды. Үшінші голдан кейін шымкенттік команда ойыншылары бірдеңе бөлісе алмағандай болды да, мәселені жұдырықпен шешуге көшті. Матч төрешісі Абдукадыр Курбанов төбелскен ойыншылар - Тұрар Асанбек, Рысдәулет Аманбай мен Шерхан Асанбекті алаңанан қуып жіберді.