Бокс

Бүгін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шығу үшін айқасады

Бүгін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шығу үшін айқасады
ҚБФ

Бүгін, 31 мамырда қазақстандық екі боксшы Бангкоктағы лицензилық турнирде кезекті жекпе-жектерін өткізеді.

50 келіге дейінгі 1/16 финалда Назым Қызайбай оңтүстік кореялық Джухюнг Джунмен жұдырықтасады. Ал Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келі салмақта жартылай финалға өту үшін әлем чемпионатының күміс жүлдегері кубалық Эрисланди Альвареспен айқасады.

Жекпе-жек шашамен 13:45-те басталады. Бұл жекпе-жектерді Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Басқа спорттық жаңалықтар