Бокс

Қазақстан боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін

Қазақстан боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін
Global Look Press

Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) мүшелігіндегі ұлттық спорт федерацияларының боксшылары 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырылмайды. Бұл туралы Халықаралық олимпиадалық комитет релизінде айтылған.

Құжат мазмұнына сәйкес, IBA Токио мен Париждегі ойындардың іріктеуіне қатыстырылған жоқ және айшықтығы жоқтығынан 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына кіргізілмей отыр.

"Олимпиадалық бокс сенім білдіруге болатын, жақсы ұйымдастырылған халықаралық федерацияны қажет етеді. Қазірдің өзінде-ақ белгілі болып отырғаны - ұлттық федерацисы IBA құрамына кіретін кез келген боксшы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Өзін құрметтейтін олимпиадалық комитет мұндай бокс федерацияларын қатарырна шығарып тастауы міндет", - делінген хабарламада.


Басқа спорттық жаңалықтар