Бокс

Қытай атынан өнер көрсететін қазақ боксшы Таиландта қарсыласын нокаутқа түсірді

Қытай атынан өнер көрсететін қазақ боксшы Таиландта қарсыласын нокаутқа түсірді
Sports.kz

Қытай қазағы Данабек Байғазы Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан лицензиялық турнирді сәтті бастады.

92 келіден аса салмақтың 1/16 финалында Данабек литвалық Йонас Язевичюспен жұдырықтасып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

"Азия ойындарының қола жүлдегері қытайлық Данабек Байғазы Париж Олимпиадасына іріктеуден өтуге екі рет жақын болды, бірақ, оның лицензия алуға әлі де күшті мотивациясы бар. Сондықтан Йонас Язевичюсті нокаутқа түсірді", - деп жазады Азиялық бокс конфедерациясы (ASBС).

Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық Қамшыбек Қонқабаев пен өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов өнер көрсетеді.

Басқа спорттық жаңалықтар