Бокс

Мұхаммедсабыр Олимпиадаға іріктеудің ширек финалына жетті

Мұхаммедсабыр Олимпиадаға іріктеудің ширек финалына жетті
ҚБФ

Қазақстандық бокшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде үшінші жеңісіне жетті.

63,5 келідегі 1/8 финалда Базарбайұлы төрешілердің бөлек шешімімен италиялық Джанлуиджи Маланганы жеңді. Енді Мұхаммедсабыр 31 мамырда кубалық Эрисланди Альвареспен шаршы алаңға шығады.

"Құдайға шүкір, жеңіске жеттім. Үшінші жекпе-жек қиындау болды. Мұнда мықтылар жиналған. Италиялық боксшы да жақсы. Бапкерлердің айтқанын орындауға тырыстым, кей жерлерде толық орындай алмадым. Бойының ұзындығы? Ондайға үйреніп қалғанмын. Алдағы қарсыласым кубалық боксшы туралы? Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бапкерлердің жоспарын ұстанып, жеңіске жетеміз", - дейді Мұхаммедсабыр.

Басқа спорттық жаңалықтар