Футбол

Рональд Куман Еуропа чемпионатына қатысатын Нидерланды командасын іріктеп алды

Рональд Куман Еуропа чемпионатына қатысатын Нидерланды командасын іріктеп алды
bnr.nl

Голландия құрамасы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын соңғы құрамын жариялады.

Рональд Куман жаттықтыратын командасапына 26 футболшы кірді.

Қақпашылар:Бейло, Флеккен, Вербрюгген.

Қорғаушылар: Аке, Блинд, Де Лигт, Ван Дейк, Дамфрис, Фримпонг, Гиртруйда, Ван де Вен, Де Врид Жартылай қорғаушылар: Бергвейн, Гравенберх, Де Йонг, Копмайнерс, Рейндерс, Шоутен, Хави Симонс, Верман, Вейналдум.

Шабуылшылар: Бробби, Депай, Гакпо, Мален, Вегорст.

Еуропа чемпионаты алдында Нидерланды Роттердамда екі жолдастық кездесу өткізеді: команда 6 маусымда Канадамен кездеседі, содан кейін 10 маусымда Исландиямен ойнайды.

Еуро-2024 турнирінде Голландия құрамасы Польша, Аустрия және Франция құрамаларымен бір топқа түсті. 

Басқа спорттық жаңалықтар