Футбол

«Олимпиакос» пен «Фиорентина» Конференция лишасы чемпионын анықтады

«Олимпиакос» пен «Фиорентина» Конференция лишасы чемпионын анықтады
fakty.com.ua

Футболдан UEFA Конференция лигасының финалында «Олимпиакос» (Грекия) мен «Фиорентина» (Италия) кездесті.

Грекия астанасы Афиныдағы «OPAP Arena» стадионында өткен ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Матчтің 116-минутында «Олимпиакос» сапынан Айюб Эль-Кааби кездесудегі жалғыз голды салды.

Осылайша, 1:0 есебімен  жеңіске жеткен грекиялық клуб жеңімпаз атанды.


Басқа спорттық жаңалықтар