Бокс

Үшінші қазақстандық боксшы соңғы лицензиялық турнирден шығып қалды

Үшінші қазақстандық боксшы соңғы лицензиялық турнирден шығып қалды
ҚБФ

Қазақстандық Римма Волосенко Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінен шығып қалды .

60 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы үндістандық Анкушита Бородан төрешілер шешімімен жеңілді. 

Бұған дейін қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек (54 келі) пен Наталья Богданова (66 келі) да жарыс жолынаншығып қалған болатын.

Осылайша, қазақстандық бұрымдылардан Олимпиада жолдамасы үшін жарысты Назым Қызайбай (50 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) жалғастырады. 

Басқа спорттық жаңалықтар