Кәсіби бокс

Сауль Альварес IBF титулынан бас тартатын болды

Сауль Альварес IBF титулынан бас тартатын болды
boxingscene.com

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қаулысына қатысты бір шешімге келді.

Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Канелоны кубалық Уильям Скуллға (22-0, 9 КО) қарсы титулын қорғауға міндеттеген. Боксшыларға келісімге келуге 28 күн берілген, алайда, тараптар келісімге келмеді. Енді IBF 6 маусымға промоутерлік сауда белгіледі.

BoxingScene мәліметінше, Альварес IBF шартына келіспей отыр, мексикалық аты шықпаған боксшымен айқасқысы келмейді. Осыған байланысты Сауль промоутерлік саудаға қатыспайды, салдарынан титулынан айырылады.

Мұндай жағдайда бос қалатын IBF белбеуіне Скулл мен ресейлік Владимир Шишкин (16-0, 10 КО) таласады

Басқа спорттық жаңалықтар