Бокс

Усик Фьюримен болатын жекпе-жекті діни аңызға теңеді

Усик Фьюримен болатын жекпе-жекті діни аңызға теңеді
RingSide24

Суперауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Усик британиялық Тайсон Фьюрмен алдағы жекпе-жегін христиандардың діни аңызы - Давид пен Голиаф оқиғасына теңеді, деп жазады sports.ru сайты BoxingNewsOnline басылымына сілтеме жасап. 


Еске салайық, суперауыр дивизионда абсолют чемпион үшін өтетін бұл айқас 17 ақпанға белгіленген. Фьюри қазіргі таңда WBC чемпионы, ал украиналықта өзге үш белбеу бар. 


"Біздің жекпе-жекке ұқсайтын бір аңызды айтып берейін. Давид пен Голиаф. Құдайдың көмегімен мен Тайсонға жетіп, өз жұмысымды істеймін", - дейді Усик. 

Басқа спорттық жаңалықтар