Бокс

ASBC Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жеңісін атап өтті

ASBC Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жеңісін атап өтті
instagram/@boxingkazakhstan

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Парижге соңғы лицензиялар берілетін турнирдегі кезекті жеңісін атап өтті.

Бангкокта өткізген екінші жекпе-жегінде қазақ боксшы түркиялық Мизан Айколды жеңді.

"Қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бусто-Арсициодан кейін Парижге жолдама жеңіп алдуың екінші мүмкіндігін алды. 22 жастағы боксшы түркиялық Мизан Айколға қарсы жекпе-жекке үлкен мотивациямен шықты және бірінші раундта сол жақтан ауыр джебтер жасай алды. Базарбайұлы бұл айқаста басымдық көрсетті, оның оңтүстік стилі түркиялық үшін қолайсыз болды, сондықтан қазақстандық боксшы енді топ-16 тізімде", - деп жазады ASBC.

Басқа спорттық жаңалықтар