Волейбол

Қазақстандық волейболшы қыздар «AVC шақыру кубогі» фипалына жетті

Қазақстандық волейболшы қыздар «AVC шақыру кубогі» фипалына жетті
АВК баспасөз қызметі

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан «AVC шақыру кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды.

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті. Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Австралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Басқа спорттық жаңалықтар