Теннис

Путинцева Франция ашық чемпионатында АҚШ чемпионын ұтты

Путинцева Франция ашық чемпионатында АҚШ чемпионын ұтты
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өтті.

Алғашқы кездесуінде Путинцева 2017 жылғы АҚШ чемпионы Слоан Стивенспен өткізді. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның төртеуінде Путинцева ұтқан еді. Бірақ өткен жылы Франция ашық чемпионатының үшінші айналымында Стивенс қазақстандық теннисшіден басым болған. Бұл жолы Юлия  6:1, 6:2 себімен жеңіске жетті. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде ол 4 брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.

Енді Путинцева үшінші айналымға өту үшін ұлыбританиялық Кэти Бултер немесе испаниялық Паула Бадосаның бірімен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар