Теннис

Рыбакина Францияның ашық чемпионатын сәтті бастады

Рыбакина Францияның ашық чемпионатын сәтті бастады
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Форанцияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда бельгиялық Гретье Минненмен бір сағат 13 минут ойнап, қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен ұтты. . Бұл матчте Елана 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Миннен 3 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Айта кетейік, қазақстандық пен бельгиялық теннисшілер осыған дейін де екі рет кездескен, ол кезде де Рыбакина жеңіске жеткен еді. 

Енді Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін нидерландтық Аранча Рус пен германиялық Анжелика Кербер матчінің жеңіспазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар