Семсерлесу

Семсерлесуден ел чемпионатының командалық жеңімпаздары анықталды

Семсерлесуден ел чемпионатының командалық жеңімпаздары анықталды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан чемпионатында шпагадан ерлер арасындағы командалық жарыс жеңімпаздары анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Шымкент қаласының спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының бірінші командасы, үшінші орынды ШҚО-2 мен Алматы қаласы иеленді.

Әйелдер арасында Алматы-1 командасы топ жарды. Олар финалда ШҚО-1 командасынан басым түсті. Қола медальді Алматы-3 және ШҚО-2 командалары еншілеген.

Айта кетелік, бұған дейін шпагамен ерлер арасындағы жекелей сында Кирилл Павлов, әйелдер арасындағы додада Софья Николайчук жеңіске жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар