Футбол

Роналду саудиялық чемпионаттың рекордын орнатты

Роналду саудиялық чемпионаттың рекордын орнатты
"Әл-Наср ФК"

"Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының рекордсмені атанды.

Сауд Про Лигасының 34-турында португалиялық форвард "Әл-Иттихадпен" матчте (4:2) екі гол салды. Осылайша, 39 жастағы Роналдудың осы маусымдағы гол санын 35-ке жеткізді, бұл саудиялық лиганың рекорды.

Бұған дейінгі рекорд 2018/19 жылғы маусымда болған, ол кезде "Әл-Иттихад" шабуылшысы Абдерразак Амдалла 34 гол соққан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар