Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет жастар арасындағы АЧ-де алтын жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет жастар арасындағы АЧ-де алтын жеңіп алды

Қазақстандық ауыратлет Аянат Жұмағали Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында дүркіреді.

76 келіге дейінгі салмақта Аянат жалпы 222 келіні (жұлқуда 97 және серпе көтеруде 125) көтеріп, әлем біріншілігінің үздігі атанды.

Ал одан кейін финляндиялық Минни Хормавирта - 211 (91+120) және үндістандық Санжана - 210 (90+120) үздік үштікке кірді.

Басқа спорттық жаңалықтар