Бокс

Үшінші қазақстандық боксшы соңғы іріктеу турнирін сәтті бастады

Үшінші қазақстандық боксшы соңғы іріктеу турнирін сәтті бастады
Instagram/@boxingkazakhstan

Бүгін, 27 мамыр Бангкокта (Таиланд) лицензиялық соңғы турнирдің кезекті жарыс күні басталды.

Қазақстан атынан рингке бірінші болып Римма Волосенко шықты, 60 келі салмақтағы жекпе-жекте ол германиялық Марию Фелиситас Гангльбауэрді ұпай санымен жеңді.

Енді кешкі сессияда Валентина Хальзова (75 келі) украиналық Каролина Махномен жұдырықтасады. Басталуы 16:45.

Бұған дейін Бангкокта Назым Қызайбай (50 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) бірінші жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар