Азиада-2022

2023 жылғы Азия ойындары: Қазақстанның мақтанышы

2023 жылғы Азия ойындары: Қазақстанның мақтанышы

Биыл, бүкіл Азияның назары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында, 2023 жылғы Азия ойындары өткен, Қытайдағы Ханчжоу қаласына аударылды.


Бастапқыда,2022 жылы өтеді деп жоспарланған жарыс, коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Қазақстандық спортшылар түрлі пәндер бойынша көптеген медальдарды жеңіп алып, өздерін барынша жақсы жағынан көрсетті.


Біздің спортшылар Азия аренасында көшбасшылық қасиеттерін растап, ел туын бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерді.

Алтын медальдар,стент және оқ ату, байдарка мен каноэде есу, велоспорт, джиу-джитсу және каратэ сынды спорт түрлерінен жеңіп алынды. Зоя Кравченконың, Әсем Орынбайдың, Ольга Панаринаның көрнекті жетістіктеріне ерекше назар аудару керек. Нәзік жандарымыз,стент ату - еркектерге арналған спорт түрінен сары алтын жүлделерді елімізге жеткізді.

Күміс жүлделер де қуаныш акелді. Дзюдошыларымыз, атқыштарымыз, семсерлесушілеріміз, ескек есушілеріміз өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел қоржынына көптеген марапаттар қосты.

Қола медальдар да қажырлы еңбектің, табандылықтың,өз күшіне сенудің жемісі болды. Жеңімпаздар қатарында су добы, жеңіл атлетика, бокс және басқа да көптеген спорт түрлерінен біздің спортшылар бар. Жанкүйерлер өздерінің сүйіктілеріне алыстан қолдау білдіріп, жарыстың әр күнін ынтамен тамашалады.

Эмоциялар басым болды: қуаныштан-толқуға, мақтаныштан - жеңіске деген үмітке дейін жүректерін елжіретті.Ал жарыстың соңғы күні мәресіне жеткенде, көпшіліктің жүрегінде өз елі мен спортшылары үшін мақтаныш сезімі сақталды. Сондай-ақ, Азия ойындарындағы көптеген жарыстар,2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу болып табылатынын айта кеткен жөн, бұл біздің спортшыларымыздың жетістіктерін бұрынғыдан да маңызды етеді. Қазақстан құрамасы халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын, мықты және біртұтас команда ретінде көрсетті. Спортшыларымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, алтын көк жалауымызды барлық спорт аландарында желбіреткендерін күтеміз!

Басқа спорттық жаңалықтар