Семсерлесу

Астанадағы семсерлесуден ел чемпионатыда әйелдер арасында бірінші жеңімпаздар анықталды

Астанадағы семсерлесуден ел чемпионатыда әйелдер арасында бірінші жеңімпаздар анықталды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Астанада семсерлесуден Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Шпагамен семсерлесуден әйелдер арасындағы ел біріншілігінде алматылық София Николайчук топ жарды. Күміс жүлдені тағы бір алматылық спортшы Наталья Зинякова еншіледі. Екі қола медальді Ульяна Писцова (Алматы) мен Виктория Кайдарова (ШҚО) иеленді.

Айта кетейік, шпагадан ерлер арасындағы сында жас спортшы Кирилл Павлов жеңіске жеткен болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар