Бокс
Артур бүгінгі таңда мен үшін ең мықты қарсылас - Дмитрий Бивол

Meta MMA - Metaratings
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік боксшы Дмитрий Бивол британиялық Линдон Артурды өзі үшін ең мықты қарсылас деп атады, деп хабарлайды sports.ru.
"Линдон Артурдың командасына жекпе-жекті қабыл көргендері үшін алғыс білдіремін. Қазіргі таңда ол мен үшін жартылай ауыр салмақта ең мықты қарсылас деп ойлаймын", - дейді Бивол.
Айта кетейік, жеңілмеген ресейлік боксшы жартылай ауыр дивизионда WBA чемпионы.