Футбол
ӘЧ-ге іріктеуде Аргентина өз алаңында Уругвайдан ұтылды

"Советский спорт"
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы матчте Аргентина құрамасы өз алаңында Уругвайға есе жіберді.
2:0 есебімен аяқталған кездесу Буэнос-Айрестегі "Бомбонера" стадионында өтті. Алдымен уругвайлық қорғаушы Рональд Араухо 41-минутта есеп ашты, ал матч аяқталуға үш минут қалғанда Давид Нуньес есепті еселеді.
Бұл матчтен кейін уругвайлықтар 10 ұпаймен турнир кестесінде 2-орынға көтерілді. Аргентина ұтылып қалғанымен 12 ұпаймен көш бастап тұр.