Футбол

Әлем чемпионатына іріктеуде Бразилия Колумбиядан ұтылды

Әлем чемпионатына іріктеуде Бразилия Колумбиядан ұтылды
Football-Fun-Live.com

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Колумбия өз алаңында Бразилия құрамасын ұтты. 


Барранкилья қаласындағы "Метрополитано Роберто Мелендес" стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Алдымен 4-минутта бразилиялық шабуылшы Габриэль Мартинелли есеп ашты. Бұл есеп бірінші тайм біткенше өзгермеді. Ал екінші кезеңде Луис Диас дубль жасап, Колумбияны жеңіске жеткізді. 


Осы ойыннан кейін 9 ұпай жинаған Колумбия турнир кестесінде 3-орынға көтерілді. Ал 7 балл еншілген Бразилия 5-орында.  

Басқа спорттық жаңалықтар