Футбол

Еуро-2024 іріктеу матчінде қазақстандық төрешілер қызмет етеді

Еуро-2024 іріктеу матчінде қазақстандық төрешілер қызмет етеді
kff.kz

Қазақстандық төрешілер 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы Беларусь пен Андорра құрамалары арасындағы матчте қызмет етеді.


Кездесу 18 қарашада Астана уақытымен 23:00-де басталады.  Ойынның бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Калачев пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Айдын Тасыбаев атқарады. Ойын Будапештегі (Мажарстан) Ференц Суса стадионында өтеді.


Айта кетейік, ертең Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында "Астана Аренада" Сан-Мариномен ойнайды. Бұл Магомед Адиев шәкірттері үшін маңызды ойындардың бірі. 

Басқа спорттық жаңалықтар