Футбол
"Ақтөбе" бразилиялық шабуылшымен қош айтысты
"Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" футбол клубы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен қоштасты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
"Рахмет, Элдер!
Бразилиялық шабуылшы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Ақтөбеден" кетті.
30 жастағы ойыншы командаға маусым басында қосылып, барлық турнирде 33 матчқа қатысып 6 гол салды және 6 нәтижелі пас жасады.
Қазақстан премьер-лигасының үздік шабуылшыларының бірі атанып, "Ақтөбемен" бірге қола жүлде иеленді."Ақтөбе" футбол клубы Элдер Сантанаға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, ары қарайғы карьерасында табыс тілейді", - делінген клуб хабарламасында.