Футбол

2026 жлығы ӘЧ-ге іріктеуде Өзбекстан сырт алаңда Түркменстанды ұтты

2026 жлығы ӘЧ-ге іріктеуде Өзбекстан сырт алаңда Түркменстанды ұтты
Turkmenportal

Футболдан Өзбекстан құрамасы Азия аумағында 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу матчінде Түркменстан командасын ұтты. 


Ашхабадта өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. 44-минутта Мейлис Дурдыев алаң қожайындарын есепте алға шығарды. Алайда 57-минутта Отабек Шукуров есепті теңестірді де, 77-минутта дубль жасап, есепті еселеді. 13 минуттан кейін Элдор Шомуродов матч есебіне нүкте қойды. 


E тобындағы өзге матчте Иран құрамасы Тегеранда Гонконгты ойсырата ұтты - 3:0.

Басқа спорттық жаңалықтар